Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкімі
(2023.28.11 берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 25 тамыздағы
№ 127-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын басшылыққа алады.
ҚР Премьер-Министрінің 2023.28.11. № 187-ө өкімімен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
2. Комиссияның негізгі міндеті